І-жартыжылдық бойынша «Қамқоршылық кеңесінің» есебі
«А.Байжанов атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2018-2019 оқу жылы
І-жартыжылдық бойынша «Қамқоршылық кеңесінің» есебі
«А.Байжанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қамқоршылық кеңесінің» 2018-2019 оқу жылына қойылған мақсаттары:
1.Білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2.Халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
3.Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу .
Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап «Қамқоршылық кеңес» мүшелері біраз жұмыстарды атқарды. Жартылай жетім, көп балалы жанұя балаларына көмек көрсетілді.Атап айтсақ:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы 1 «Ә» сынып оқушысы Казак Сунатуллахқа киіммен көмек берді;
2.«Жас құтқарушылар» тарапынан – аз қамтылған және көпбалалы отбасына көмек берілді;
3.«Мектеп әкімшілігі» тарапынан – Казактар отбасына киіммен көмек берілді;
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім, жартылай жетім балаларға азық-түлік, киім-кешек таратылды.
2018 жылы 25 желтоқсан күні Қарасай ауданы әкімі тарапынан аз қамтылған жартылай жетім отбасынан шыққан 1 оқушыға жаңа жыл мерекесіне орай қысқы киімдер, тәтті сыйлықтар берілді. Қаскелең қаласы әкімі шыршасына мектебіміздегі аз қамтылған, жетім, жартылай жетім отбасынан шыққан 5 оқушы қатысып , сыйлықтар үлестірілді.
«Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Наурызбай Асель
«А. Байжанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өтілген күні:29.12.18 ж.
Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері
1.Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі
Отырысты қамқоршылық кеңес төрағасы Наурызбай Асель ашты. Қамқоршылық кеңестің жұмыс нәтижесімен таныстырды.
Наурызбай Асель – қамқоршылық кеңес төрағасы:
Мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, жетім, жартылай жетім оқушылар анықталып, оларға мектеп тарапынан, Қаскелең қаласы әкімшілігінен, Қарасай аудандық әкімшілігінен, атап айтқанда, мектеп тарапынан аз қамтылған отбасына киіммен көмек көрсетілді.Қаскелең қаласы әкімшілігі ұйымдастырған шыршаға 5 оқышы қатысып, соның ішінде аз қамтылған, жетім, жартылай жетім балаларға сыйлықтар таратылды.. Жаңа жыл мерекесіне орай Қарасай ауданының әкімі «Апорт» сауда ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған шыршада мектебіміздегі 1 оқушыға қысқы сырт киім және бас киім, сыйлық берді.
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім, жартылай жетім балаларға азық-түлік, киім-кешек таратылды.
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қамқоршылық кеңесінің төрайымы 1 «Ә» сынып оқушысы Казак Сунатуллахқа киіммен көмек берді;
2.«Жас құтқарушылар» тарапынан – аз қамтылған және көпбалалы отбасына көмек берілді;
3.«Мектеп әкімшілігі» тарапынан – Казактар отбасына киіммен көмек берілді;
2018 жылдың тамыз айынан бастап «Қамқоршылық кеңес» мүшелері біраз жұмыстарды атқарды.