ХАТТАМА №1
«Байжанов атындағы орта мектебі» КММ
ХАТТАМА №1
30.08.2017жыл Қаскелең қаласы
Қатысқаны :Ата-ана 155
Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер, мұғалімдер
Күн тәртібінде:
1. Попечительский совет ережесімен таныстыру;
2. 2017-2018 оқу жылына «Попечительский совет» құрамын бекіту;
3. Попечительский советінің нормативтік құжаттарымен таныстыру
(типтік ережесі)
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша сөзді ДТІЖО А.Мойтыкова алып, Қаморшылық кеңс ережесімен таныстырды.
Қамқоршылық– білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.
Қамқоршылар– қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.
Попечительский советі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.
Қамқоршылық қолдау алатындар - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды тұлғалар.
№ 9 ЖОГМ ҚМ-нің Попечительский советі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылады.
Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.
Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.
Қамқоршылық кеңесі бюджеттен тыс қаржыларды ерікті құрбандық жасау, жеке тұлға мен мекемелердің қайырымдылық және демеушілік жарнасы, «ТҰРАҚТЫЛЫҚ-БІЛІМ» қайырымдылық есеп шотына заңмен қарастылыған қаржы көздері есебінен тартады.
Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.
Қайырымдылық қызметі ҚР МК (сыйлық мен құрбандық ҚР МК 506,516 баптар) реттейтін келісім шарт қатынасы негізінде жасалады.
Попечительский совет құрамы:
Қамқоршылық
кеңес құрамына кіреді:
- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.
Қамқоршылық кеңесінің жеке құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы білім беру мекемесінің Попечительский советінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі Попечительский советіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.
Төрағасының орынбасары мен хатшысы Попечительский советпен сайланады.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөлу кеңестің отырысында белгіленеді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.
Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.
Попечительский советтің міндеттері:
Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.
Мектептің білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Сондай-ақ, Қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібі, Попечительский советтің құқықтары мен міндеттері, Попечительский советінің іс-қағаздары, Попечительский советтің қағидалары, Попечительский советтің жұмысын тоқтату сияқты ережелермен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша әлеуметтік-педагог М.Ермекбаева сөз алып, 2017-2018 оқу жылына жаңа «Попечительский совет» құрамын бекіту туралы ұсыныс айтты.
Кеңестің мақсат, міндеттерімен көпшілікті таныстырып кетті. «Попечительский советі білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу» - деп келтіріп кетті. Сонымен қатар, жұмыс жоспары жасалып, қамқоршылық кеңес мүшелері
бекітілді. Қамқоршылық кеңсінің жұмыс істеу бағыты, білім беру ұйымының
білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-
шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз
қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары
мен жұмыспен қамтылуын жақсарту, білім беру ұйымының қызметіндегі
кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу, білім беру ұйымы
басшылығының Попечительский советі алдындағы есебін тыңдап - қабылдау.
Барлық жиналысқа қатысқандар төмендегі комиссия мүшелерін мақұлдап, бір
ауыздан қолдап, ұсыныс жасады.
- Попечительский советінің төрағасы: Тұрғамбаева Нағым
-Попечительский советтің орынбасары: Тулеева Жанар, Букебаев Куаныш (жеке кәсіпкер)
-Мүшелері: Тойжанова Айгуль (ата – ана)
-Тоқбаев Саулет (ата-ана)
-Қаратамыр Мехмед (ата-ана)
-Сулешова Алия (ата-ана)
-Жуман С (ата-ана)
-Мойтыкова Асем (тәрбие орынбасары)
- Хатшы: Ермекбаева Мақпал (әлеуметтік-педагог)
Демеуші Букебаев Куаныш өз ойын айта келе, кеңестің жұмыс істеу бағыты, функцияларымен таныстырып өтті.
-Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау
-Қайырымдылық көмек тарту және білім беру ұйымының оны жұмсау мен мақсатты бөлу жөніндегі шешімдерін мақұлдау
-Білім беру ұйымы қызметіндегі Попечительский советінің айқындаған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу
-Білім беру ұйымы басшысының мекеме қызметі бойынша есебін (қайырымдылық көмектің жұмсалуы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайлары жөнінде, т.с.с.) тыңдау
-Білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жасалған жағдаймен таныс болу;
Келесі мәселе бойынша, тәрбие орынбасары А.Мойтыкова Попечительский советінің типтік ережелір мен нормативтік құжаттарын таныстырып өтті. Ереже бойынша Попечительский советінің жұмыс жасау бағыты, кеңестің қызметі, айта кететін болсақ: төрағасы, хатшысы, мүшелерінің жеке – жеке қызметімен таныстырылды.
Шешімі:
1.Попечительский советінің мүшелері, жұмыс жоспары жасалып, бекітілсін.
2.Попечительский советінің бағыты мен жұмыс жасау функциялары өз уақытында істелінсін.
Жиналыс төрағасыГ.Аханова
Хатшы М.Ермекбаева